Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр

Қысқаша

- Бүгінде біз Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз.

image.png

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Кенесары хан басқа да қазақ батырларының соғыс тактикасы зерделеніп жатқанын мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

- Бүгінде біз Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз. Әр сарапшының өз ойы бар, Кенесары хан бейнесінің қазақ әскерінің алғышарты болатынын уақыт көрсетеді. Одан бөлек Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлының ерте тарихтағы, орта тарихтағы, кейінгі тарихтағы соғыс тактикаларын зерделеп жатырмыз, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Еске сала кетсек, 2023 жылы Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегін Ресейден елге қайтару мәселесін көтерген еді.