Біркөлік шатқалы – Түркістан облысы Төле би ауданында, Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте Тәңір тауының тау сілемдерінде орналасқан.Туристер ағылып келетін шатқал маңынан бүгінде заманауи демалыс орындарын көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі – «Арман» демалыс кешені.
Мұнда әсем, жаңа, барлық ыңғайлылық қарастырылған коттедждер бар. Бөлме терезесінен көрінетін таудың тамаша табиғатына сағаттап тамсануға болады. Жаздың шіліңгір шілдесінде таудың таза ауасымен жазғы тапшандарда дәмді тамақтанып, суы мөлдір бассейнге сүңгіп кетуге болады. Барбекю алаңында кәуап, қуырдақ, кез-келген асыңызды әзірлеуге жағдай қарастырылған. Кешен балалар үшін де қызықты болары сөзсіз.