Қала әкімі нақты тапсырмалар жүктеді

Қысқаша

Қала әкімі нақты тапсырмалар жүктеді

Screenshot_24.jpg

Қала әкімі аппаратының кезекті мәжілісінде бірінші болып қалалық төтенше жағдайлар басқармасының 9 айда атқарған жұмыс барысы баяндалды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Асқар Сейсеновтің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерлік пунктіне 257 хабарлама түсіп, алдын алу жұмыстары өз деңгейінде атқарылған. Улы газдан зардап шегу фактісі бойынша бірде-бір дерек тіркелмеген деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті. 

«Қызметкерлеріміз 187 нысанға тексеріс жүргізілді. Оның ішіндегі 137-сі ерекше тәртіп бойынша, 50 нысан жоспарсыз тексерілді. Осы уақытқа дейін өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 79 тұрғынның 41-і ескерту алса, 38 азаматқа – 997 375 теңгені құрайтын айыппұл салынды. Жоспарға сәйкес тексеру жұмыстары жалғасуда. Түркістандықтардың арасында жылу маусымында оқыс оқиға орын алмас үшін БАҚ арқылы тұрақты түрде хабарланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде»,- деді Асқар Сейсенов.

«Экономика және қаржы бөлімінің» басшысы Зәуре Бимбетованың сөзінше, жергілікті бюджеттің тоғыз айлық қорытындысы бойынша игерілуі 99,7 пайызды құраған. Ал, дербес бөлімдердің қаржысының игерілмеуі бойынша бөлім басшысынан талап ету керектігін айтқан Рашид Абатұлы облыс орталығына айрықша мән беріліп отырғандығын назардан тыс қалдырмады. Сондықтан, республикадан, облыстан бөлінген қаржыны тұрғындарға жайлылық сыйлап, шаһарды көркейту жолында тиімді пайдалану кажеттілігін атап өтті.