Сапалы қызмет туризм мен экономиканың кепілі

Қысқаша

Сапалы қызмет туризм мен экономиканың кепілі

WhatsApp-Image-2019-09-21-at-16.08.24-1024x682.jpeg

Түркістан қаласының тұрғындары мен шетелден келетін қонақтарға сапалы қызмет көрсеткен абзал. Сапалы қызмет - экономика мен туризмнің қозғаушы күші. Сапалы қызмет болған жерде өндіріс орындары, қызмет көрсету орындары ешқашан клиент жоғалтпайды. Керісінше, сапаға ұмтылған клиенттер саны артады. 

Осыған орай, «Астана Моторс» компаниясының Golden Dragon автобустары Түркістанда тест-драйвтан өтті. Қазақстанда жасалған қоғамдық көлік бүгін рухани шаһардың көшелерімен 1, 10, 30-шы бағыттарда қатынап, сыналды. Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов пен қалалық полиция басқармасының басшысы Д.Мейрхан алғашқы жолаушылардың бірі болып, көліктің сапасына көз жеткізді. Golden Dragon-ның жоба жетекшісі Мақсат Сафиев шаһар басшысына автобустың артықшылықтарын айтып, тиімді тұстарын тілге тиек етті.

Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында жасалған бұл автобус көгілдір отынмен қозғалады. Жанар жағармаймен салыстырғанда қалтаны қақпайды. Бағасы 32 млн теңгеден басталып, жабдықталуы мен ұзындығына қарай баға да еселене түседі. 10,5 метрлік автобус 86 жолаушыға арналған, 33 отыратын орыны бар. Сондай-ақ,  тасымалдауға есептелген салон ішіне кіріп-шығушы адамдар бейнекамерамен бақыланады. Жолаушыларға жайлылық сыйлау мақсатында тоқтау батырмалары, ішкі және сыртқы жарықты таблолар, аспалы тұтқалармен жабдықталған. Автобус астының төмен болуы кез келген жастағы қала тұрғынына салонға еркін кіруге жағдай жасайды. Ал мүмкіндігі шектеулі адамдардың көлік бортына еш кедергісіз кіруін пандус қамтамасыз етеді», – деді.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, Golden Dragon көліктері көптеген елдерде сатылым мөлшері бойынша көш бастап тұр. Еуро-5 стандартына сай 8,5 метрден 18,5 метрге дейінгі автобустарды шығарады.  Алдағы уақытта рухани шаһарға Golden Dragon автобустарының 36 данасын сатып алу көзделуде. Оның 26-сы 8,5 және 10-ы 10,5 метр ұзындықта болмақ. Бұл қоғамдық көліктің жетіспеушілігін болдырмай және автопарктердің жаңаруына сеп болмақ.