Спорттық туризмді дамытудың маңызы зор

Қысқаша

Спорттық туризмді дамытудың маңызы зор

 Басты бет > Өңір

Спорттық туризмді дамытудың маңызы зор

 oinet3  2019-09-06 20:31:13

WhatsApp-Image-2019-09-06-at-14.50.24.jpeg

Спорттық туризм - соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан туризм саласының бірі. Мысалы, туристер Куршевельге шаңғы теуіп, денсаулықтарын нығайту үшін барады екен. Ал, Канададағы Ванкуверге велосипед теуіп, көңіл көтеру үшін саяхаттап баратындар көп. Сол секілді алдағы уақытта Түркістанға тек тарихи-мәдени орындар үшін ғана емес, спорт нысандары үшін де келетін туристерді көбейту өте маңызды.

Осыған орай, Түркістанда жыл соңына дейін 12 футбол алаңы, 1 баскетбол алаңы және 6 теннис корты пайдалануға беріледі. Бұған дейін тек «Жеңіс» саябағында бірнеше жыл бұрын бір ғана теннис корты болған еді. Дегенмен, онда арнайы барып, үлкен тенниспен айналысатындардың қарасы қалың емес болатын. Енді қала әкімдігінің қолдауымен әрбір тұрғынға жағдай жасап, ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында шаһардың әр шетінен осындай алаңдар жұмысы жанданады. Демек, облыс орталығында салауатты өмір салтын ұстану ерекше назарға алынатын болады. Мұндай іргелі істер тек жастардың ғана емес, кез келген тұрғынның бос уақытын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы өткізуіне септигін тигізеді.

WhatsApp-Image-2019-09-06-at-14.56.02-1024x682.jpeg

Жалпы, 6 теннис корты шаһардағы Б.Саттарханов даңғылы, Байбұрт, Қазыбек би, Төле би, Шойынбет би көшелерінің бойында салынуда. Жоспар бойынша 31 желтоқсанға дейін толықтай аяқталу көзделгенімен, жауапты мамандар бүгінгідей қарқынмен бір айдың ішінде де аяқталуы мүмкін екендігін алға тартты.