«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі басталды

Қысқаша

«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі басталды

Облыс орталығында «Бизнестің жол картасы бағдарламасы – 20» бағдарламасы аясында шағын, орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатындағы «Іскерлік байланыс» жобасы жұмыс жасап жатыр.

Жобаның мақсаты - халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен   

шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату есебінен ШОК субъектілеріне қолдау көрсету. Жоба екі кезеңнен тұрады, алғашқысында кәсіпкерлерге кәсіби білім берілсе, кейінгісінде шетелдік бизнес-тағылымдамадан ең белсенді, табысты және өзінің жұмыс бизнес-жоспарын ұсынатындарды іріктейтін болады. Қатысушының Қазақстаннан тағылымдамада өететін шетелге  барумен байланысты шығындар мен қатысушының шетелде орналасуы шығындарын өтеп береді.  Осылайша, өзі үшін ең аз шығынмен кәсіпкер озық шетелдік өндірістерге барып, олардың тәжірибесін болашақта өз өндірісінде қолдана алады. Сонымен, бір ай ішінде қатысушылар өз саласы бойынша шетелдік кәсіпорындарда болады және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орната алады. Екінші  кезең Германияда өтеді.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанна Тілеубекованың айтуынша, жоба Түркістан қаласында алғаш іске асуда.

Түркістан қаласында оқу екі апта жалғасады. Берілген уақыт аралығында жобаға қатысушылар бірнеше бизнес-жаттықтырушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқыту барысында қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнының немесе өнімінің бизнес-жоспарларын әзірлейді.

Жалпы жобаға Түркістан облысынан 60 адам өтінім білдірді. Кәсіпкерлер бизнес-тренингтерден өтіп, басқарушылық сапасын, бизнес жобалау, тайм-менеджмент келіссөздер технологиясы, біліктілікті жақсарту, халықаралық ынтымақтастық бизнес-жоспарды әзірлеуге қажетті тиімді презентациялар, кәсіпорынның шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен дамыту саласы бойынша дағдылар мен білім алады.