Адам болмысындағы түйіткілдерді жеңуге психологтар саяхаттауды, түрлі салаларды игеруді ұсынып жатады. Түркістан қаласының маңындағы елді-мекендердің саз топырағы мүсіншілердің кереметтей компазициялары арқылы елімізде жоғары сұранысқа ие.
Глинотерапия- саздан түрлі пішіндердегі мүсін жасау арқылы психикалық күйді жақсартуға бағытталған ем түрі. Неміс психологі, профессор Хайнц Дойзер бұл бағытты зерттеуге 20 жылын сарп еткен. Сазбен емдеу әдісі тек соңғы жылдарда танымалдыққа ие болды. Балалар 3 жастан асқан соң қолын епке келтіріп, жазу қабілетін меңгеру үшін айналысуына болады. Глинотерапия өз эмоцияларын түсінуге және бақылауға , сезімдерді сыртқы ортаға білдірудің конструктивті тәсілін табуға көмектеседі.
Рухани ем алу үшін Түркістанға келетін туристер көп. Сондай-ақ ДЦП диагнозы қойылған балалар да қоғамға бейімделу барысында саздан түрлі бұйымдар жасайды. Глинотерапия ішкі агрессиясын жеңуге, ұқыпты болуға көмек береді. Түркістандық керамист Абайхан Рысбаевтың айтуынша, Алматы, Астана секілді ірі қалалардан келетіндердің массалық үлесі басым. Қытай, Ресей, Америка, еуропа елдерінен арнайы ұршық арқылы өздеріне ұнамды бұйым жасап, естелікке қалдырғысы келетін туристер көп.
Суреттер ашық дереккөзден алынды