Бүгінде туристер өздері барғысы келетін мемлекет туралы интернеттен ақпарат іздері белгілі. Ақпарат тауып жатса, сол мемлекеттегі тарихи-мәдени орындарға апаратын туристік турлар жөнінде мәлімет білгісі келеді. Мұндай мүмкіндікті Түркістан қаласы туристерге қарастырған. Шетелден келген қонақтар Түркістан қаласы туралы турға қатысты мәліметтерді Turkestantour.kz сайтынан таба алады.
Турист қалаға жалғыз келуі мүмкін. Жалғыз адамға көңіл көтеру қиындық тудыратыны анық. Ал, көппен көрген – ұлы той. Осыған орай, қала туристік турлар жұмыс істейді. Олар жалғыз-жарым келген туристерді топ қылып жинап, оларға қаланы, ондағы тарихи-мәдени мекендерді аралату қызметін көрсетеді. Бұл жөнінде сайттағы «Турлар» бөлімінен қажетті мағлұматтар алуға болады. Бұл бөлімде туристер 1 күндік, 2 күндік түрлі экскурсиялық сервистер жасалады. Мысалы, екі күндік жеке экскурсиялық бағдарламаны шолып шығайық. Бұл бағдарлама бойынша турист Арыстанбаб кесенесінен бастап жол-жөнекей Гаухар ана, Шахан ата, Қожа Ахмет Иасауи кесенелері, Үкаша ата құдығы, Домалақ ана, Қарашаш ана, Ибраһим ата кесенелері, Таңбалы тас ұлттық фольклорлық мекенін аралап шығады. Экскурсия 4 адамнан 7 адамға дейін – 130 мың теңгеге, 7 адамнан 10 адамға дейін – 160 мың теңгеге, ал, 10 адамнан жоғары болса адам басына – 35 мың теңгеден ақы алады. Бұл бағадағы экскурсия қызметіне – гид-экскурсовод, көлік қызметі (тасымалдау), қонақ үй қызметі (1 тәулік), үш мезгіл тамақ (1 тәулік), күтіп алу шығарып салу және экскурсиялық бағдарламасы кіреді. Қысқаша айтқанда, туристерге барынша қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалады.
Алдағы уақытта Түркістан қаласында турлар саны артып, туристерге жасалатын жағдай жақсара түспек.