Түркістанда түрлі түсті құрт жасалады

Қысқаша

Түркістанда түрлі түсті құрт жасалады

19320730665024f4aa405cd8f12493a1.jpg

Түркістандық Мақпал Әлібекқызы ағарғаннан құрт жасап, несібесін кәсібінен тауып жүрген жан. Бір ерекшелігі құрттар түрлі түсті. Дәмі де түл үйірерлік.

Мақпалдың алғашқыда сиырдан қатты қорқыпты. Тұрмыс құрған соң енесінен сиыр саууды үйреніп, кейіннен құрт жасауды қолға алған. Ал, кәсіпті бастау бойынша идеяны  әлеуметтік желілерден көріпті. Алғашқыда қатты қызығушылығы артып, қалай жасалатындығына мән беріп, үйренуге ден қойыпты. Жарты жылдай ойдың жетегінде жүрдім. «Қалай болар екен?», «Сатылым болады ма?» «Тұтынушыларға ұнай ма?» деген сауалдар санамды жаулап алды. Дегенмен, ол уайымдардың барлығы артта қалды – дейді Мақпал Жазыбекова.

Мұндағы шоколад пен балқаймақ қосылған құрт көпшілікке таңсық дүние. Бұл құртты кейіпкеріміз көбіне салқын мезгілде жасайды. Себебі, күннің ыстығында еріп кеткен соң, пішіні де өзгеріп, бір-біріне жабысып қалады. Сондықтан болар күннің салқын мезгілі құрт жасауға ыңғайлы екен.

Қазір Мақпалдың саудасы жақсы. Құрттардың  сатылым жақсы. Тұтынушыларының көбісі Түркістан қаласының тұрғындары. Ал, басқа қалалардан төмен бағада алуға тапсырыстар көп келеді екен. Алдағы уақытта кәсібіне атау беріп, кеңейтуді көздеп отыр.