Жат ағымдардың алдыну алу мақсатында 10 имам 25 күндік оқыуға барады

Қысқаша

Жат ағымдардың алдыну алу мақсатында 10 имам 25 күндік оқыуға барады

1542704030113370.jpg

«ҚМДБ тарапынан Астана, Алматы қалаларында имамдардың біліктілігін жетілдіру мақсатында мешіт имамдары 2 айлық оқуға баруда. Жақында облыс көлемінде 10 имамды жат діни ағымдардан алдын алудың амал-тәсілдерін үйрету мақсатында 25 күндік оқуға жібергелі отырмыз» - дейді жергілікті Түркістан газетіне сұхбат берген Түркістан облысының өкіл имамы және “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамберді.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Мұсабек Ақтамбердіұлымен облыста атқарылып жатқан жұмыстармен де таныстырып өткен.

- Кентау қаласында «Қарилар дайындау орталығы» ашылды. Бүгінде бұл орталықта 40-қа жуық жастар Құран жаттап, қари болуға дайындалып келеді. ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жасау, яғни жат ағымдармен, діни оқу-ағарту, қоғамдағы әлжуаз топтарға қайырымдылық шаралар ұйымдастыру, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық топтар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделген. Біздер аталған бағытта жұмыстарды тұрақты өз деңгейінде жүргізіп келеміз – дейді ол.

Түркістан облысы көлемінде ҚМДБ-на қарасты 720 мешіт бар, онда 945 діни қызметкер жұмыс жасайды. Облыс көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында мешіт имамдары тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.