Еліміздің тұтастығына, тыныштығына, ұлтаралық ынтымағына кері әсерін тигізуге бағытталған діни ағымдар мен секталардың шектен шыққан іс-әрекеттері жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Олардың көздеген мақсат-мүдделерінің тамыры қайда жатқандығы бүгінде қалың көпшілікке де белгілі болды. Қазақтың дәстүрлі дін жолын бұрмалап, талай отбасының шырқын бұзған бүлдіргі ағымдар мүшелерінің қатарының көбеюі жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып отыр.
Ал, жастар маңызды, тура жолды насихаттайтын ақпараттарды қайдан ала алады? Дін бойынша қандай да бір уағыз тыңдап, кітап оқу үшін Қазақтан Мұсылмандар Діни Басқармасы (ҚМДБ) тарапынан бекітілген имам ғалымдардың ғана насихатын тыңдау қажет. Ол тізімді Muftyat.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, жергілікті жердегі мешіт имамдарынан сұраған дұрыс. Бұл жөнінде күні кеше Кентау қаласында жастармен кездескен Республикалық АТТ мүшесі, дінтанушы Арман Қуанышбаев айтты.
Ал, діни ктіаптарды оқу мәселесіне келгенде де аса сақ болған жөн. Себебі, кітап арқылы да насихат жұмыстарын жүргізетін жат ағымнан жақтаушыларды да бар. Сондықтан, алған кітабыңыздың алғашқы бетінде ҚМДБ тарапынан рұқсат етілген сөздер жазылуы тиіс.