Адал бәсекелестіктің дамуы түсіндірілді

Қысқаша

Адал бәсекелестіктің дамуы түсіндірілді

2.jpg

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері аудан орталығы Шолаққорған ауылында орналасқан «Шолаққорған» және «А. Байтұрсынов» атындағы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Ондағы мақсат - ағымдағы жылдың мамыр айынан бері «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтіп жатқан «Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясына жастардың белсенділігін арттыруын және акцияның талаптарын түсіндіру.

Аталған акцияның бітуіне аз уақыт қалғанын ескере отырып, басқарма қызметкерлері аудан жастарын өздерінің белсенді әрекеті арқылы көлеңкелі экономика көлемінің азаюына және салық түсімінің өсуіне ықпал етумен ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосу арқылы аталған акцияға белсенді ат салысуға шақырып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Атап айтарлығы, Қазақстандықтар өздерінің белсенді әрекеті арқылы көлеңкелі экономика көлемінің азаюына және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіктің дамуына өз үлестерін қосу мақсатында, МКК азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беріп отыр.