Арыс қаласында имамдар есеп берді

Қысқаша

Арыс қаласында имамдар есеп берді

20.jpg

Арыс қаласында имамдар есеп берді. Имамдар жыл бойы атқарған жұмыстарын саралай келе, қай жерде жетістікке жетті, қай жерде кемшілік жіберді, бәрін ой таразысынан өткізіп, келесі жылдың жұмысын нақтылады.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы жылдық есепті тыңдай келе, имам-молдаларға сауат ашу курстары, бес уақыт намазға имамдардың қатысуы және Мүфтият тарапынан ұсынылған төрт бағыт бойынша жұмыстарды жандандыру, тағы басқа мешітке қарасты жұмыстарға баса назар аударды. Соның ішінде діни тұрақтылықты сақтау, көпшілікті керағар діни ағымдардан сақтандыру, тура жолды түсіндіру мәселесіне баса назар аударды.

Орталық мешіт пен зекет өкілі бірлесіп, үш миллион теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көрсеткен. “Бекзат ата” мешітінің жанынан сауат ашу курсына арналған арнайы ғимарат бой көтерді. “Əбдіғаппар” және “Шарапат” мешіттеріне бір түсті кілем төселді. Байырқұм ауылдық мешітінің жанынан 80 адам сиятын бөлме қосылды. Мешіттердің шаруашылық жұмыстарына алты миллион теңгеден артық қаржы жұмсалған. Мешіттерден көмегін аямайтын жомарт жандарға Алланың берекесін тілеп, аудан имамдарының атынан алғыс айтылды.