Адалдық - жалақының өсуіне ықпал етеді

Қысқаша

Адалдық - жалақының өсуіне ықпал етеді

23.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев Шардара ауданына барды. 

Мемлекеттік қызметкер – атқарушы биліктің айнасы. Бәскеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуді жоспарлап отырған мемлекетіміз үшін билік тізгініндегі қызметкерлердің әдебі аса маңызға ие. Басшылар жұмыс барысында осы мәселелерді жіті түсіндірді. 

Сондай-ақ кездесу барысында республика мен облыс көлемінде сыбайластыққа жол берген шенеуніктердің парақорлығы айтылды. Түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлердің құқыққорғау органдарының құрығына іліккен сәттері бейнесюжетпен көрсетілді.

– Әдепті, арлы қызметкер жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа бармауы тиіс. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге атқарған жұмысы бойынша жалақы төлеу жүйесі енгізілді. Сондықтан өз ісімен мол жалақы алуына мүмкіндік бар, –  деді Ғалым Тұрсынбаев. 

Бұдан соң департамент басшысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды қабылдады. Сауалдарды мұқият тыңдаған департамент  басшысы олардың сұрақтарына егжей-тегжейлі талдау жасап, тұшымды жауап қайтарды.