Өңірде құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді жұмысы облыс аумағындағы теріс діни ағымның ықпаланы азайтады деген сенім бар. Олар ауыл ауылдарды аралап, жамағатпен, ел азаматтарымен әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол топ мүшелерінің білім деңгейінің жоғары болғаны, дәстүрлі дініміздің артықшылықтарын жан-жақты түсіндіре алғанынан көп нәрсе, алдымен азаматтардың теріс діни ағымдарға деген көзқарасы өзгергелі тұр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында олармен кездесу өткізді. Ол арнайы ұйымдастырылған семинар-тренинг аясында өтті.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан ауқымды һәм кешенді жұмыстары туралы айтып берді. Ал семинар-тренингтің негізгі мақсаты - еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру.
Жалпы, семинар-тренингтен имамдарымыз мол ақпарат алып, қажетті мағлұматарға ие болды.