Қалың бұһараға еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алудың жолдарын көрсететін ақпараттық-түсіндіру топтары құрылды. Ол облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен құрылып отыр. Осы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында семинар-тренинг өтті.
Тренингке елімізге танымал теология және философия ғылымдарының докторы, профессорД.Кенжетай «Мемлекет, дін және мәдениет арақатынасындағы зайырлылық ұстанымының орны», ҚРҚоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстарбасқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заң жобасынакейбір актілерге заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Ақтөбе облысы дін істерібасқармасының «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы КММ басшысы Ж.Сүлейменов «Қоғамдағы діниахуалдың ерекшеліктері», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы,тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев «Қазақстандық құндылықтардың тарихи негіздері»тақырыптарында баяндама жасады.
Семинар -тренингке облыстық дін істері басқармасының басшысы, «дін мәселелерін зерттеуорталығы» МКМ-нің басшылары мен қызметкерлері, ҚМДБ облыстағы өкілдігі мен имамдары, қала,аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен дінге жауапты мамандары, облыстық Қылмыстық атқаружүйесі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.