Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қысқаша

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.

1532454271821347.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.