Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу , оның белгілеріне қарсы әрекет ету үшін ең тиімді әдіс – ол тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу. Созақ ауданында осындай ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, ауыл-ауылды аралап, елмен кездесу өткізе бастады.
Алғашқы кездесу Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінің Макаренко мектебінде өтті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша құрылған топ ауыл тұрғындарымен "Мемлекеттің зайырлылық принциптері" тақырыбы төңірегінде әңгімелестіі. Жиналған тұрғындарға еліміздің зайырлылық туралы заңы және дәстүрлі құндылықтарымыз түсіндірілді. Тақырып кеңінен талқыланды. Сосын, әлеуметтік желілердегі жалған діни уағыз насихаттардың көбейіп кеткені, одан сақтану жолдары айтылды.
Дәл осындай кездесу Сызған ауылдық округінің мәдениет үйінде де өтті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері тақырыпқа сәйкес және дәстүрлі емес діни бағыттағы топтардан сақтану бойынша мәлімет берді.