Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралды

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Жемқорлық қоғамның дамуы мен демократияны тежейтін жағдай. Елімізде де жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстар күшейіп, оның алдын-алу бойынша түсіндіру шаралары т

17.jpgСыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Жемқорлық қоғамның дамуы мен демократияны тежейтін жағдай. Елімізде де жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстар күшейіп, оның алдын-алу бойынша түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің өкілі Г.Төлегенқызы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетенің өңірлік департаментінің ұжымымымен бірге дөңгелек үстел өткізді. Онда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында айтылған жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі сөз болды.

Іс-шарада Гүлмира Төлегенқызы қатысушыларды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына да тоқталып өтті. Ондағы басымдықтар жайында айтты. Дөңгелек үстел барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланып, іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.