Жарты жылда атқарылған жұмыстар сараланды

Қысқаша

Шардара ауданында қала, ауылдық округі әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының, барлық мемлекеттік қызметкерлердің және баспасөз өкілдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында семинар өткізілді. Онда өткен жарты жылда атқарылған жұмыстар са

Шардара ауданында қала, ауылдық округі әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының, барлық мемлекеттік қызметкерлердің және баспасөз өкілдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында семинар өткізілді. Онда өткен жарты жылда атқарылған жұмыстар сараланды. 

Негізгі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарының сақталуы туралы» аудан әкімі аппараты Заң бөлімінің басшысы Н.Ахментаев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелер арыздарды, шағымдарды қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы» аудан әкімі аппараты әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы М.Қарымсаков, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының талаптарының сақталуы туралы аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы Қ.Кошимова, «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының сақталуы туралы» аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Е.Бердибеков хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға тиісті мамандар жауаптар беріп, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантай Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алып жұмыстар жүргізу керектігін семинарға қатысушы мемлекеттік қызметкерлерге ескертіп, семинарды қорытындылады.