Шардара қаласы мен ауыл әкімдіктерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қысқаша

​Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобы отырысының

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобы отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Egov.kz» электронды үкімет порталымен жұмыс жүргізуді, мемлекеттік қызметкерлердің, қала, ауыл тұрғындарының ХҚКО бармай-ақ «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындарынан қызметтерді алу, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мәселелерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол Шардара қаласы мен Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзыната, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелді, Достық ауылдық округтерінде өтті. Оған слаға жауапті тиісті органдардың өкілдері қатысты. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Б.Төлегенов, аудан әкімі аппаратының әдіскері М.Асықбаев түсіндіру барысында электронды цифрлық қолтаңбаны, анықтамаларды, басқа да мемлекеттік қызметтерді алу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің дайындаған видеороликтері көрсетілді.