Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары

Қысқаша

​Шымкентттегі "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ғимаратында "Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары" атты имамдардың халықаралық форумы өтті. Оған ауылы аралас, қойы қоралас, көрші екі ел Қазақстан мен Өзбекстанның дін қайраткерлері, ғұламалар кеңесі

Шымкентттегі "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ғимаратында "Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары" атты имамдардың халықаралық форумы өтті. Оған ауылы аралас, қойы қоралас, көрші екі ел Қазақстан мен Өзбекстанның дін қайраткерлері, ғұламалар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және облысымыз бен көршілес өңірлердің имамдары қатысты.
Халықаралық форумда "Ханафи мазһабы және дәстүрлер сабақтастығы" және "Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері" тақырыптарында секция отырыстары өтті.
Орталық Азияда әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, осындағы мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. 
Діни экстремизм – дін атын жамылған, мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, мемлекеттік тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Ал, одан аулақ болу үшін керағар діни ағымдардан қоғамды сақтандыру қажет. 
Көрші екі елдің дін қайраткерлерінің кездесуінің осы тұрғыдан маңызы зор.