Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында алқалы мәжіліс өтті

Қысқаша

​Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған әрбір жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша тоқталып өтеді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында да бұл мәселеге айрықша тоқталды. Жолдау жүктеген

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған әрбір жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша тоқталып өтеді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында да бұл мәселеге айрықша тоқталды.  Жолдау жүктеген 10 міндеттің тоғызыншысы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталып отыр. 
Елбасы жолдауындағы айқын мақсаттарды іс-жүзіне асыру жергілкті жерлерде өз жалғасын тауып келеді. Жуырда Мақтарал ауданында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында алқалы мәжіліс өтті.
Елбасымыздың жолдауларында, "Қазақстан-2050" стратегиясында, "100 нақты қадам" ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шараларының Мақтарал ауданында жүзеге асуы туралы жиында аудан әкімі Ж. Бейсенбаев жүргізіп отырды.
ОҚО әкімі аппаратының персоналды қызмет бөлімінің бас инспекторы Ахмет Сақабаев байыпты баяндама жасап, қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облысымызда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Жиында арнайы видео ролик көрсетіліп, жегі құрты саналған қылмыстың елімізге келтіретін зияны жан жақты талқыланып, түсіндірілді.