Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құқық қорғау органдарының басшылары тағайындалды

Қысқаша

Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

Н.Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен қатар Министрдің бұйрығымен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды.

Н. Жүнісов Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

***

Бұдан бөлек Ішкі істер министрінің орынбасары Шымкент қаласының және Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаметінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды.

А. Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы.лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаевтағайындалды.

Т.Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.

***

Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы ІІД-не жаңадан тағайындалған бастықтарын жеке құрамға таныстырған Берік Бисенқұлов басшылардың жұмысына табыс тіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы ІІД бастығының лауазымына бұрын ҚР ІІМ Департамент бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов тағайындалды.

Сонымен қатар Министрдің бұйрығымен Түркістан облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тағайындалды.

Қ. Дәлбеков бұрын Оңтүстік Қазқастан облысының Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

Министрдің орынбасары Берік Бисенқұлов Шымкент қаласының және Түркістан облысының ішкі істер департаменттерінің жаңа тағайындалған басшыларына жемісті еңбек тіледі.