Жас мамандар мен кадрлар бөлімін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ адам ресурстарын басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің мүшелері таңдайды. Соның ішінде «Цифрлық жаз-2018» бағдарламасының жетекшісі Александр Коржавин бүгінгі күні IT–мамандардарының қаншалықты тапшы және жас мамандарды барынша жұмыспен қамту керектігін айтты.
«Бұл бағдарлама бірегей болып табылады. Өйткені біз ең үздік мамандарды таңдап, аталған бағдарламадан өткендерді жұмысқа тартамыз. Жас кадрлардан екі мың бір жүз өтініш қабылдадық. Төрт жүз елуі сынақтан сәтті өтті. Соның ішінен екі жүз жирма анкета барлық талаптарға сай толтырылған. Сұхбат беруде жас мамандар он сұраққа жауап беру керек болатын. Үміткерлер Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Өскемен және Ақтау қалаларынан шақыртылды. Екі жүз он өтінімнің ішінен жүз елу алты үміткерді таңдап бірнеше компанияларға сұхбаттасуға жібердік. Өзіміз үшін он бір үміткерді анықтап, олармен сұхбаттастық. Нәтижесінде жетпіс үш үміткер тағылымдамадан өтіп, оның отыз екі маманы жұмысқа орналасады», - деді ол.
Айта кетсек, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жаңа кадрлық тұжырымдамасына сәйкес портфельдік компаниялармен бірлесіп, IT-мамандарды даярлау және оқыту бойынша «Digital Summer 2018» тәжірибе бағдарламасын іске қосты. Бұл шара шілденің төртіне дейін жалғаспақ.