1 шілде күні Қарағандыда 4 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы терезеден құлап кетіп, қайтыс болды. Тағы бір оқыс оқиға Абай қаласында орын алды. 30 маусым күні 2017 жылы туылған сәби 5-ші қабаттан құлаған. 28 маусымда Теміртауда 3 жастағы бала 6-шы қабаттағы терезеден құлап кеткен. Екі бала да ауруxанада.
Құтқарушылар ата-аналарды балаларға тиісінше көңіл бөлуге, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
«Кішкентай бала қауіптің деңгейін объективті бағалай алмайды. Сондықтанда оны аз ғана уақытқа қараусыз қалдыру үлкен трагедияға әкелуі мүмкін. Құрметті ата-аналар, егерде пәтерде кішкентай сәби болса терезені ашық қалдырмаңыздар. Балаға терезенің алдында тұруға мүмкіндік бермеңіз. Сәбидің терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін барлық жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз. Москит торына сенбеңіз. Терезелерге арнайы фиксаторлар орнатыңыз. Олар әйнекті бірер сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді»,- дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.