Мемлекеттік қызметшілер спорттық жарысқа қатысты

Қысқаша

​Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Оңтүстік Қазақстан

12.jpgМемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Оңтүстік Қазақстан облысы облыс әкімі аппаратымен бірлесіп облыстағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында  «Әкем, Анам және Мен – спорттық жанұя» атты спартакиада өткізді.Мұндай бұхаралық шара мемлекеттік қызметшілер арасында  бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, отбасы құндылықтарын насихаттау болып табылады.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Барлық қатысушылар алдымен аудан, қалалық деңгейдегі іріктеуден өтіп, жеңімпаздары облыстық деңгейге шықты. Эстафетада әрқайсысы 3 адамнан құралған 8 команда қатысты. Әр отбасы жүгіру, допты қақпаға түсіру, скакалка және қапшықпен секіру, доптарды ауыстыру және тағы басқа 8 эстафеталық ойындар бойынша жарысты.Әрбір команда өзінің  даярлығын, отбасылық бірлігін және мақсаттылығын көрсетті.
Отбасылық спартакиадада І-орынды Сайрам ауданынан Айткуловтар отбасы, ІІ-орынды Төлеби ауданынан Аралбай отбасы, ІІІ-орынды Түлкібас ауданынан Бекбердиевтер отбасы иеленді. Салауатты өмір салты – үйлесімді және бақытты өмірге сенімді жол, ал ұлт денсаулығы – кез келген мемлекеттің маңызды құндылығы.