«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аптасы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Қысқаша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» бірлестігімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аптасы

9.jpgҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» бірлестігімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аптасы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жиі кездесетін кемшіліктерді ұжымда талқылай отырып, болашақта оларды болдырмау үшін нақты шаралар қабылдау. Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Қантаев Агенттіктің аумақтағы Әдеп жөніндегі кеңесі жұмысының басымдығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталғанын жеткізді.
Семинар-кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» бірлестігінің төрағасы Т.Байгулов апталық аясында жүргізілген іс-шаралар барысында кеден, салық және көліктік бақылау қызметтерінде анықталған мән-жайларға қатысты өз пікірін білдірді.ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Тленшин семинарға қатысушылар алдында өзінің атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берді.
Семинар-кеңесте бейнероликтегі көрсетілген деректер бойынша  Әдеп кеңесінде қаралған тәртіптік істер сараланып, мемлекеттік органдарға тән кездесетін мәселелер бойынша бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына профилактикалық бағыттағы хаттар тұрақты негізде жолданатындығы да айтылды.