Мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті

Қысқаша

​Ішкі саясат және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесіне орай Арыс қаласы аумағындағы мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан жарыс өтті.

7.jpgІшкі саясат және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесіне орай Арыс қаласы аумағындағы мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Футболдан жарысты ұйымдастырудағы мақсат - өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ішімдік пен нашақорлыққа қарсы баулу, ұлтымыздың арқа сүйер нағыз патриоттарын тәрбиелеу, сондай-ақ, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. 
Мешітке келіп уағыз тыңдайтын жамағаттың арасында спорттық жарыстың ұйымдастырылуы еліміздің зайырлы қоғам екені, ата-баба дәстүрін берік ұстанантынын байқатады. 
Аталған жарысқа қала және ауылдық округтерден келген 12 команда қатысты. 
Тартысты әрі қызықты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша орталық «Ысқақ» мешітінің құрама командасы – І-орын, «Бекзат ата» мешітінің құрама командасы – ІІ-орын, «Әкімқары» мешітінің құрама командасы – ІІІ-орынды өзара бөлісті. Жарысқа қатысушылар Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болатынын жеткізді.