Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады

Қысқаша

Қазақстанда пәтер сату мен сатып алу жиілей бастады. 2018 жылдың бес айында осыған қатысты 95 264 мәміле жасалған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 5,6% жоғары,

15.jpgӨткен айда Қазақстанда сату-сатып алуға қатысты 22 355 мәміле жасалған. Оның 15 мыңы – пәтер сату-сатып алуға қатысты болса, қалған бөлігі жер үйді сату-сатып алуға қатысты болған.

Мамыр айында Астанада жылжымайтын мүлік көп сатылған, яғни тұрғындар бір-біріне 3 мың үй сатқан. Екінші орында Алматы тұр, ол жақта 2700-ден аса үй сату-сатып алуға қатысты мәміле жасалса, Қарағанды облысында 2200 мәміле жасалған. Қызылорда мен Атырау қаласында сату-сатып алуға қатысты көрсеткіш төмен. Ол жақта мамырда бар болғаны 500 мәміле жасалған.