"Ислам ол терроризм емес"

Қысқаша

​Қазір дін мәселесі бүкіл әлемде алаңдатып отыр.

7.jpgҚазір дін мәселесі бүкіл әлемде алаңдатып отыр. Исламның атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар, діни секталар елдердің арасында бүліктер шығарып, террорлық әрекеттер жасауда. Сөйтіп бейбітшіліктің шырқын бұзып жатыр. Бұл дұрыс емес. Қоғамға исламның кіршіксіз дін екендігін түсіндіріп, жат діни ағымдардан абай болу мақсатында көптеген іс-шаралар өтуде. Сондай кездесудің бірі  Сайрам ауданының Жібек жолы ауылдық округінің Машат ауылы тұрғындарымен өтті. «Ислам ол терроризм емес» тақырыбында өткен кездесуде Сайрам ауданының телог маманы Алимардан Тажибаев лекция оқып,  көпшілікке дәстүрлі діннің артықшылықтарын түсіндірді. Исламның атын жамылған керағар діни ағымдардан аулақ болу керектігін айтып, жат ағымдардан келетін қауіп қатерлерді түсіндірді.
Кездесу сонында сала маманы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сұрақ-жауап барысында көптеген тың ақпараттар алып, білім көкжиектерін кеңейтті.
Үш күндік жұмыс сапары Жібек жолы ауылдық округінінде өтті.