Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын жою жайы талқыланды

Қысқаша

​Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

5.jpgҚазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/2 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіруге шақырды. 
Семинар барысында жеке құрамға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдарын талқыға салды.