Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Қысқаша

Бірлігі бекем, тұрақтылығы тұғырлы тәуелсіз еліміз дінаралық қатынас саласында өзге елдерге үлгі боларлық сарабдал саясат жүргізіп келеді. Оған республикамыздағы дін және дінаралық қатынас саласындағы ахуал соңғы екі онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ие

Бірлігі бекем, тұрақтылығы тұғырлы тәуелсіз еліміз дінаралық қатынас саласында өзге елдерге үлгі боларлық сарабдал саясат жүргізіп келеді. Оған республикамыздағы дін және дінаралық қатынас саласындағы ахуал соңғы екі онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ие болғандығы дәлел. Қоғамдағы діннің орны нақтыланып, мәртебесі көтеріліп, қызмет аясы кеңіп, соның нәтижесінде бұл тұрғыдағы атқарылуы тиіс жұмыстар бір арнаға түсті.
Отырар аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығын құқықтық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни байланысты нығайту және конфессияаралық қатынастар үйлесімділігі мәселелеріне ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткен жиынға ауыл әкімдері мен имамдар, тиісті сала мамандары, ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастыру бөлімінің маманы Дәулет Кенжебеков, аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысты. 
Жиында Аққұм, Маяқұм, Көксарай ауыл округі әкімдері ауылдарындағы діни ахуал жөнінде және діни мәселелер бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары туралы баяндама жасады. Ал, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жүзеге асыру барысында діни бірлестіктерді және филиалдарының құжаттарын заңдастыру жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қуаныш Жандарбеков жан-жақты талдау жасады.
Жиын барысында облыстық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі Дәулет Кенжебекұлы мемлекет саясатын жүзеге асыру мақсатында жасалынып жатқан іс-шаралар мен қоғамдағы діни байланысты одан ары нығайту ортақ іс екенін атап өтті.