Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында арнайы тоқталып өтеді.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған "Адал жол" кестелік іс-шаралары аясында Сайрам ауданында велошеру өтті. Мақсат біреу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алдын-алу, жемқорлықты қоғамда жек көрінішті етіп көрсету.
Ауданның белсенділері қатысқан шара Батыс Қытай - Батыс Еуропа автодəлізінің бойында орын тепкен "Достық" шатқалынан бастау алып аудан орталығындағы "Қайрат" спорт кешенінде аяқталды.
Жалпы, аталған шараға бас-аяғы 50-ден астам белсенді қатысты.