Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі

Қысқаша

​Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнер¬кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қа¬зақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жол-дауларында «Аса маңызды мін¬дет¬тердің бірі – сыбайлас жемқор-лыққа қар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Төртінші өнер¬кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қа¬зақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жол-дауларында «Аса маңызды мін¬дет¬тердің бірі – сыбайлас жемқор-лыққа қарсы жаңа стратегияны қалып¬тастыру және іске асыруды жал¬ғастыру» деп атап көрсетілген.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жемқорлықтың жолын кесу үшін бірден-бір әрекет – жаңа технологиялық цифрландыру негізі маңызды рөл атқарады. 
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және бекітілген жоспарға сәйкес Төлеби ауданы бойынша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу курстары өтті. Жоспарға сәйкес, оқу курсы «Базалық», «Open gov» бағдарламалары және «e-gov» электронды үкімет порталын қолдану, «Электрондық сауда» жүргізу туралы 4 түрлі бағытта жүргізілді. Оқу курстарына жалпы аудан бойынша 2201 тұрғын қатысып, цифрлық сауаттылықтарын арттырған. Осылайша, цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мүмкін нәрсе екені белгілі болды.