Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымдардың өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Радикалды топтардың мақсаты адамдарды мешіттен алыстату. Олардың осы ойына балта шабу үшін жастар мешіттегі имамдардан үнемі кеңес алып, исламдағы бес парызға бекем болуы шарт.
Жуырда телог маман А.Тажибаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға келтіріп жатқан зиянды әрекеттерін кеңінен түсіндірді. Онда "Исламдағы Ханафи мәзһабының орны" және "Салафизим мен Таблиғи жамағат" тақырыбын жан жақты айтып өтті. Мәзһаб ұстанудың жолдарын, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын насихаттап, теріс діни ағымдардың әрекетінен сақтанудың жолын түсіндірді. Бізді керағар діни ағымдардан қорғайтын құрал – Құран және пайғамбарымыздың сүннеті екендігін жеткізді. Кездесуге жиналған аудан тұрғындары көптеген тың ақпараттар алып, діни ахуалға қатысты сауаттарын дамытты.