Терроризмге қарсы күрес комиссиясы жанындағы жұмысшы топ отырысы өтті

Қысқаша

​Дінсіз қоғам болған емес. Бірақ, қазіргі таңда дәстүрлі діннің атын жамылған керағар діни ағымдардың әрекеттері көпшіліктті алаңдатып отыр. Оның салдары ауыр болары анық.

Дінсіз қоғам болған емес. Бірақ, қазіргі таңда дәстүрлі діннің атын жамылған керағар діни ағымдардың әрекеттері көпшіліктті алаңдатып отыр. Оның салдары ауыр болары анық. Сондықтан, керағар діни ағымдардың іс әрекеттерінен сақтандыру үшін халыққа толыққанды ақпарат беру, діни білімін арттыру жұмыстарын жүргізу бүгінгі күннің мәселесі.  
Осыған орай, діни ахуалды сақтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек аудандық терроризмге қарсы күрес комиссиясы жанындағы жұмысшы топ отырысы Боралдай, Бөген ауылдық округтерінде өтті.
Жиынға арнайы шақыртылған облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы И.Айтаев ауыл тұрғындарына керағар діни ағымдардың дәстүрлі дінімізге қарама-қайшы тұстарын айтып, кең көлемде түсіндірді. Түсіндіру жұмыстарында ауыл тұрғындары көптеген пайдалы тың ақпараттар алды. 
Сондай-ақ, кездесуде дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары, ұлттық салт-дәстүрге сабақтастығы және дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтану жолдары туралы әңгіме жүргізіліп, көптің ойында жүрген діни сұрақтарға жауап берілді.