Дін және дәстүр сабақтастығы

Қысқаша

ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекетте діни тұрақтылық болуы керектігін жиі еске салады. Діни тұрақтылық – болашаққа деген сенім. Бүгінгі технология заманында дінді дәстүрмен ұштастыра білген абзал.

ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекетте діни тұрақтылық болуы керектігін жиі еске салады. Діни тұрақтылық – болашаққа деген сенім. Бүгінгі технология заманында дінді дәстүрмен ұштастыра білген абзал. Яғни, бұрыннан дәстүрді берік ұстанып келген ата-бабаларымызға дін тақырыбы алыс емес. Дәстүрді өмірлік ұстанымдарына айналдырған бабаларымыз дін төңірегінде фанат болып, келеңсіз іс-әрекеттерге бармаған.

Осыған орай, бүгінде дінді дәстүрмен сабақтастыру бағытында Түркістан көпсалалы медицина колледжінде «Дін және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында жиын өтті. Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған шарада ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Н.Әмзеев пен Түркістан қаласы ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог маманы І.Нағызхан қатысып, колледж студенттеріне дін және дәстүр сабақтастығын кең көлемде түсіндірді.

Исламдағы дәстүр құндылықтарның алатын орны, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және интернетті қолдану барысындағы керағар діни ағымдардың уағыздарын тыңдаудан аулақ болуға шақырды.