Діни тұрақтылық – бейбітшілікке бастар жол

Қысқаша

Дін – өте өзекті тақырып. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде діни ахуал салдарынан ел ішіне іріткі түскені белгілі. Соның салдарынан соғыс оты тұтанып, қақтығыс

Дін – өте өзекті тақырып. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде діни ахуал салдарынан ел ішіне іріткі түскені белгілі. Соның салдарынан соғыс оты тұтанып, қақтығыс орнап, мемлекет орасан зор экономикалық шығынға ұшырап жатыр.

Қазақстанда діни ахуалды ұстап тұру үшін түрлі іс-шаралар өтуде. Оның барлығы – бейбітшілікті көздейді.

Осыған орай, биыл 31 мамыр күні ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Б.Өтеген және Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы І.Нағызхан қала әкімі орынбасарының бұйрығымен бекітілген іс-жоспарына сәйкес №21 колледжінің кітапханасындағы діни әдебиеттермен танысу үшін аталған оқу орындарына арнайы барды. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысымен танысып, студенттердің діни кітаптарға қызығушылығы қай деңгейде екендігін біліп қайтты. Жиын барысынында кітапхана қызметкерлері студенттердің діни көзқарастары түзу екендігін, экстремизм қаупі жоқ екендерін айтты. Діни тұрақтылық – бейбітшіліке бастар жол екендігі насихатталды.

ОҚО-да діни экстремизм, террорзимді болдырмау жолында осындай бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.