Орталықтың мәліметіне қарағанда 200-ден астам толық және жартылай гранттар ұсынып отырған Литва университеттері Қазақстан азаматтарына тек ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс тілінде де оқытылатын бакалавриат және магистратура бағдарламаларына емтихансыз түсуге мүмкіндік береді. Литваның жоғары оқу орындарына түсетін адамдар санына қарай гранттар саны артуы мүмкін.
Айта кетерлігі, грантты ұтып алған студенттер арасында әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын стипендия алуға мүмкіндік беріледі.
Биылғы жылдың маусым айында Литваның жоғары оқу орындарының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының мектеп және университет түлектері арасында ақпараттық кездесулер өткізеді деп жоспарлануда, бұл кездесулер аясында үміткерлер Литва университеттеріне түсу үшін құжаттарды тапсыра алады.
Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер өз құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жолдай алады.
Литва университеттерінің өкілдерімен кездесу 11 маусымда Шымкент қаласында, 12 маусымда Жетісай және Сарыағаш қалаларында, ал 13 маусымда Түркістан қаласында өткізіледі.