ОҚО-да қанша жерді арабтар пайдаланып отырғаны белгілі болды

Қысқаша

Оңтүстік Қазақстан облысында жерді жалға алған бірнеше шетелдіктер бар. Бұл туралы ОҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлімдеді деп жазады"Рейтинг" басылымы.

Оңтүстік Қазақстан облысында жерді жалға алған бірнеше шетелдіктер бар. Бұл туралы ОҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлімдеді деп жазады"Рейтинг" басылымы.

"Облыста үш жер учаскесін шетелдіктер жалға алып, пайдаланып жатыр. Бәйдібекте арабтар жалға алған жерлерінде дуадақ өсіру шаруашылығын құрған. Ал Отырар ауданындағы жер учаскесін араб азаматтары өзара келісім бойынша пайдалануда. Негізі бұл жер Қазақстан азаматының иелігінде. Арабтар одан жерді жалға алған. Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы Сайрамсу шатқалындағы жер телімін туристік бағытта шетелдіктер жалға алу негізінде пайдалануда. Атап өтері бұл жерлердің бәрі шетелдіктерге тек жалға берілген. Келісімдер президенттің жариялаған мораторийіне дейін жасалған. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы жарияланған мораторий бойынша Қазақстанда 2021 жылға дейін шетелдіктерге жерді жалға беруге, ал өз азаматтарымызға сатуға тыйым салынған. 2021 жылға дейін жер қазақстандықтарға тек жалға беріледі",- дейді өз сұхбатында басқарма басшысы.