Діни экстремизмнің алдын-алу шарасы өткізілді

Қысқаша

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағына діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауына қарсы көптеген алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағына діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауына қарсы көптеген алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде. Себебі, дін атып жамылып, ел ішіне іріткі салушылар қатары әлі де болса оқтын-оқтын кездеседі. Егер оның алдын алмаса, діни экстремизм мен  терроризм әрбір мемлекеттің ұлттық қорғалу мүддесі деңгейінің тәуелділігін арттырып, әлемдік мәндегі проблемаға айналады.

Осыған орай, 2018 жылдың 28 мамыр күні ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Түркістан қаласындағы мамандары Б.Нуриддинов пен Б.Өтеген және Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы І.Нағызхан қала әкімі орынбасарының бұйрығымен бекітілген іс-жоспарына сәйкес Түркістан медицина колледжі мен Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледждерінің кітапханаларындағы діни әдебиеттермен танысу үшін аталған оқу орындарына арнайы барды. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысымен танысып, студенттердің дін тақырыбындағы материалдарға қызығушылығы қаншалықты екендігін біліп, кітапханадағы діни әдебиеттерге саралау жүргізді. Мұнда олар жастармен кездесіп, оларға діни экстремизммен күресуде белсенділік танытуларын насихаттады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір жас өз елінің бейбітшілігіне үлес қосса, мемлекет алмайтын қамал болмайды.