Қоғамдық кеңестің отырысында сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Қысқаша

"Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

"Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда Кентау қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жамила Нүрпейісова және қалалық қазынашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Нұрходжаев сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдауында жүктеген 10 міндеттің ішінде жемқорлықпен күреске айрықша мән берді. Яғни, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты жолдау жүктеген тоғызыншы міндет сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталып отыр. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы "Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жаңдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында бұл мәселе қабырғасынан қойылған болатын.

Баяндамашылар бұл бағытта көптеген жұмыстарды жүзеге асып жатқандығын жеткізді.

Кеңестің төрағасы Талғат Балабиев және кеңес мүшелері қосымша сұрақтар қойып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды пысықтады.