Бүгін метеорологиялық жағдайлар еліміздегі 4 қаланың атмосферасына ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Алматы қаласында атмосферада ластаушы заттар шоғырланады.
Сондай-ақ, Атырау, Орал және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Ал Қостанай қаласында метеорологиялық жағдайлардың әсеріyен ауадағы ластаушы заттар сейіледі.