Мемлекет басшысы тойхана салуға құмар шымкенттіктерді сынға алды

Қысқаша

«Бағдарлама бойынша алғашқы жарна бұрынғыдай 50 пайыз емес, 20 пайыз. Қалған 80 пайызды банк 25 жылға береді», — дейді сөз жалғаған президент.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды дүркіретіп той өткізгенше, сол ақшаны жастарға баспана алу үшін беруге шақырды. Бұл туралы президент Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы баяндады.

«Шымкентте 200-500 адамға шақталған қаншама тойханалар салынды. Той өткізуге жұмсаған ақшаны жастарға баспана алуға беру керек. Бұл ең жақсы сыйлық», — деді Назарбаев.

«Бағдарлама бойынша алғашқы жарна бұрынғыдай 50 пайыз емес, 20 пайыз. Қалған 80 пайызды банк 25 жылға береді», — дейді сөз жалғаған президент.