Жазира мен Жанболат: Отбасымыз Қырықбай, Елубайлармен толығуы мүмкін
Жиырма жылдан бері балалы болуды армандаған Жанболат пен Жазираны соңғы уақытта бұл тақырып жиі толғандырып жүр. Жақында ғана қызды болған Бүркіт пен Аишаның отбасындағы қуанышты хабар, Байырбекова мен отағасының сенімін үдете түскен деп жазады Stan.kz.
«Біз 40-50 жастан асқанда ата-ана атанып жатқандарды жиі естиміз. Сол Қырықбай, Елубайлар өзіміздің басымызға да келіп қалуы мүмкін. Соны күтіп жүрміз. Ырымдап сол кісілерге жиі күлеміз. Шал болып бала сүйіп жатқандарды қайта-қайта мазақ қылып күлеміз. Басымызға келсін деп жүрміз», – дейді Жанболат пен Жазира.
Байырбекованың балалы болуға ниеттеніп жүргенін аңғармау мүмкін емес. Әнші, жақында ғана егде жаста ана атанған әйелмен жүздесіп, жұлдызды жұптың үміт оты қайта лаулай түскен. Алла нәсіп етсе, Жанболат пен Жазира 3-4 баланы өмірге әкелуге тас-түйін дайын.
«Мен кеше 49 жасында босанған әйелмен кездестім. Былайша айтқанда 50 жасқа жетіп қалғандарды әже деп атайды. Қазір 50-ге келсе де дүниеге сәби әкеле алатын келіндер көбейіп жатыр. Сол кісімен ойда-жоқта кездесіп қалдым да, маған әлі де 3-4 бала тууға болады екен ғой ойланып қалдым», – дейді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, Жанболат пен Жазира осыдан 22 жыл бұрын отбасын құрған. Бұл жұптың Қазыбек есімді 20 жастан асқан ұлдары бар.