Ұлттық музей Италиядағы реставрация институтымен әріптестік орнатпақ

Қысқаша

Екі күн бойы елдегі 80-ге жуық реставраторларды жинап

Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында елдегі реставрация ісін дамытуға бағытталған жоспарымен бөлісті.

- Мәдениет министрлігінің қолдауымен Италиядағы реставрация институтымен осы саланы дамыту туралы келісімшартқа қол қою керек. Осы күндері (19 мамырдан бастап – ред.) үшінші музей конгресін өткізіп отырмыз. Екі күн бойы елдегі 80-ге жуық реставраторларды жинап, реставрация мәселесін талқылауға мүмкіндік ұсындық, - деді ол «Уәде» бағдарламасында.

Конгресс аясында Түркиядан, Ресейден Әзербайжаннан мамандарды шақыртылып, шеберлік сағаттарын ұйымдастырылып отыр.

- Біздегі музейлердің бір проблемасы – құнды жәдігерлердің тозуы, соларды қалпына келтіреміз деп бұзып алуы. Бұл - күрделі жұмыс, кез келгеннің қолынан келе бермейді. Кезінде өңірлерден жиналған құнды артефактар асығыс қабылданып кеткенін көріп отырмыз. Соларды экспозициялау мәселесін қолға алып жатырмыз, - дейді Берік Әбдіғалиұлы.