Трамп трансгендерлерге спорттан әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға тыйым салды

Қысқаша

Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге арналады.

image.png

АҚШ президенті трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ВВС.

Жарлық көбіне мектеп, университет және әуесқой жарыстарға қатысты болады.

- Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге арналады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталады, - деп мәлімдеді Трамп құжатқа қол қояр алдында.

Ол сондай-ақ АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартатынын айтты.

Трамп сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетін 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерін өзгертуге көндіретінін мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп АҚШ үкіметі тек екі жынысты – еркек пен әйелді ресми түрде танитынын мәлімдеген болатын.