Тоқаев: Бұзақылар әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр

Қысқаша

Тоқаев: Бұзақылар әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы шеруге шығушылардың тәртіпсіздігі туралы тоқталды. Бұл туралы Президент өзінің халыққа арнаған Үндеуінде айтты.

image.png

- Менің осыған дейін жасаған бірнеше үндеуіме қарамастан өздерін «ереуілшілер» деп атайтын адамдар тобы қасақана түрде жағдайды Ушықтырып отыр. Еліміздің тең жартысына жуығында қақтығыстар орын алуда. Әсіресе, Алматыдағы ахуал өте күрделі. Біздің сүйікті қаламызда құқық қорғау қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатыр. Олардың арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұзақы топтар әскери қызметшілерді ұрып-соғып, көшеге жалаңаш шығарып, мазаққа айналдыруда. Әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр - деді Мемлекет басшысы.

Ол бұл жағдай Алматының барлық тұрғынына қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.

- Бұған төзуге болмайды. Алматыдан басқа кейбір облыс орталықтарында да жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты бірқатар өңірде Төтенше жағдай енгіздім. Бұл – қажетті шара - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.