Шымкентте бірнеше аула пайданалуға берілді

Қысқаша

Шымкентте бірнеше аула пайданалуға берілді



Шымкент қаласында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру әрі бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асуда. 

image.png

Жуырда Әл-Фараби ауданы Қарасу 22, Бейбітшілік 2А  және Түркістан көшесі 2/4  үйдің аулалары абаттандырылып,  пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне қала мәслихатының депутаты Төреайым Сұлтанова мен «Nur Otan» партиясының мүшесі Бақыт Қыдырбеков қатысты. 

Лентасы қиылған аулаларда спорт және балалар алаңдары, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар орнатылған.

Айта кетсек, биыл ауданда 31 спорт алаңшасы мен 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде.

Шымкент  қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі